locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жәнібек бабында». Әлімханұлының бапкері алдағы жекпе-жек алдындағы дайындық жайлы айтты

Чемпионның бапкері Ларамен өтетін жекпе-жек туралы айтты
«Жәнібек бабында». Әлімханұлының бапкері алдағы жекпе-жек алдындағы дайындық жайлы айтты
ФОТО: Getty images

Америкалық бапкер әрі екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Брайан Велория қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Ларамен өтетін біріктіруші жекпе-жекке дайындығын жоғары бағалады. Маманның айтуынша, оның шәкірті көптен бері абсолютті чемпион атағына лайық, бірақ оған кедергі болған басты себеп – қарсылас тапшы болуы.

«Жәнібек бұрыннан-ақ абсолютті чемпион болуға дайын. Бірақ мәселе оның дайындығында емес, ешбір танымал боксшының оған қарсы шығуға батылы жетпегенінде. Тек Лара ғана бұл сынға баруға келісті. Біз соңғы апталарда өте тығыз әрі сапалы дайындық өткіздік. Қазір Жәнібек өз бабында. Егер айқас келесі аптада болса да, ол тамаша өнер көрсетер еді. Егер ол осы қарқыннан таймаса, көп ұзамай абсолютті чемпион болады», — деді Велория Legalbet.kz басылымына берген сұқбатында.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы біріктіруші жекпе-жек 6 желтоқсанда Сан-Антониода өтеді. Алайда бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ, ұйымдастырушылардың ресми мәлімдемесі күтілуде.

Егер кездесу расымен өтсе және Жәнібек жеңіске жетсе, оған тек WBC белбеуін жеңіп алу ғана қалады. Бұл атақ қазіргі таңда доминикандық Карлос Адамеске тиесілі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie