«Жай ғана үздік». Головкиннің бұрынғы промоутері Усиктің жеңісіне тәнті болды
Головкиннің экс-промоутері Усиктің тарихи жетістігін жоғары бағалады
ФОТО: Getty images
Әйгілі бокс промоутері, кезінде Геннадий Головкинмен серіктес болған Том Леффлер Александр Усиктің Дэниэл Дюбуамен өткен реванштық жекпе-жектегі өнеріне жоғары баға берді. Әлеуметтік желі X-тегі (бұрынғы Twitter) жазбасында ол украиналық боксшының айқын жеңісіне сүйсінгенін жеткізді.
«Усик пен украин боксы үшін «Уэмблидегі» керемет нокауттық жеңіс. Бұл жолы ешқандай күмән болған жоқ - ол жай ғана үздік!» - деп жазды Леффлер.
Айта кетейік, дәл осы жеңістің арқасында Александр Усик тарихтағы тұңғыш екі дүркін абсолютті әлем чемпионы атанды. Ол WBA, WBC, IBF және WBO тұжырымдары бойынша суперауыр салмақтағы төрт басты белбеудің барлығын екінші рет біріктірген жалғыз боксшы болды.