Өзбекстандағы турнирде қазақстандық боксшылар жаппай жарыс жолынан шығып қалды
ФОТО: Федерация бокса Узбекистана
Чирчикте (Өзбекстан) өтіп жатқан халықаралық бокс турнирі мәресіне жақындап келеді. Алайда Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде күткен нәтижеге қол жеткізе алмады.
Жарысқа бастапқыда 22 боксшымыз тіркелгенімен, финалға тек екі спортшы ғана шықты — олар 48 және 92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде. Ал 51 келіде Дарын Құлжабаев пен Алмас Хикеник қола жүлдеге ие болды.
Қалған боксшылар жарыстың алғашқы кезеңдері мен ширек финалдан әрі аса алмады. Осылайша, тек төрт спортшы ғана жүлдемен оралады.
Ангелина Лукас: Головкин IBO белбеуін иеленді, мен де енді сол титулды әйелдер арасында қорғаймын.