Ангелина Лукас: Головкин IBO белбеуін иеленді, мен де енді сол титулды әйелдер арасында қорғаймын
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Sport+ телеарнасына берген сұхбатында Геннадий Головкинмен мансабындағы ұқсастықты атап өтті. Оның айтуынша, IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің орны бөлек.
«IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы – менің сүйікті белбеуім. Бұл өте «талапшыл» титул. Геннадий Головкин де бұл сезімді біледі деп ойлаймын – ол бұл белбеуді 22 рет қорғаған. Бұл белбеуді Қазақстанға әкелгеніме қуаныштымын. Головкин – біздің чемпион, ұлы спортшы. Енді мен де осы титулдың иесімін, бірақ әйелдер боксында», – деді Лукас.
Ангелинаның еншісінде бұған дейін WIBA, UBO (екінші жеңіл салмақ), WBC International және WBC Silver (жеңіл салмақ) белбеулері де бар. Келесі жекпе-жегін ол 2025 жылдың маусым айында өткізуді жоспарлап отыр.
WBC қайта уақыт берді: Адамес – Нұрсұлтанов жекпе-жегі жазда өтуі мүмкін.