locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Виктория Графеева әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, Қазақстанға медаль сыйлады

Қазақстандық боксшы өзбекстандық қарсыласын тартысты жекпе-жекте жеңіп, алтынға таласты жалғастыруда
Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Виктория Графеева әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, Қазақстанға медаль сыйлады
ФОТО: ҚБФ

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымының аясында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда ол Өзбекстан өкілі Ситора Турдибековамен кездесіп, тартысты өткен айқаста төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Осы нәтижесінің арқасында Виктория кем дегенде қола жүлдені қоржынға салды. Ал Турдибекова болса, жүлдеге бір қадам қалғанда жарысты аяқтады.

Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл чемпионат World Boxing ұйымы өткізген алғашқы ересектер арасындағы әлемдік біріншілік болып отыр. Жарыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Сондай-ақ Нұрдәулетов Ливерпульдегі додада сенсациялық түрде жеңілді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie