locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Виктория Графеева бокстан әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Айтарлықтай жетістік
Бокс
Санжар Ақатаев
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: OLYMPIC.KZ

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Ливерпульде өткен әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетіп, қола медальға ие болды.

Еске салсақ, ширек финалда ол өзбекстандық Ситора Турдибековамен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз еткен еді.

Бүгін жартылай финалда Графеева бразилиялық Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістіріп, бұл жолы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қарсыласынан ұтылып қалды.

Осылайша, Виктория әлем чемпионатын қола жүлдегер мәртебесінде аяқтады.

Бұған дейін өз жекпе-жектерін Санжар Тәшкенбай мен Назым Қызайбай да жеңіспен аяқтаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie