locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Санжар Ташкенбай бокстан әлем чемпионатында медальға қол жеткізді

Ливерпульдегі ұлттық құрамамыздың кезекті жетістігі
Бокс
Санжар Ақатаев
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: OLYMPIC.KZ

Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Ол 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде және ширек финалда үндістандық спортшы Сингх Мандегбаммен кездесті. Ташкенбай екі раундта да сенімді басымдықпен жеңіске жетті: бірінші раундта қарсыласынан әлдеқайда белсенді болды, екіншісінде де толық үстемдік етті, ал қарсыласынан ұпай шегерілді.

Төрешілердің бірауызды шешімімен Ташкенбай жартылай финалға жолдама алып, осылайша әлем чемпионатында кемінде қола медаль иеленуді қамтамасыз етті.

Бұған дейін жартылай финалға Назым Қызайбай да шыққан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie