Видео. Жекпе-жек соңғы сәтте тоқтатылды: Балауса Муздиман желтоқсандағы Алматыдағы бокс кешінен шығып қалды
Қазақстандық боксшы Балауса Муздиман Алматыда өтуі тиіс болған келесі жекпе-жегінің тоқтатылғанын жариялады.
Жекпе-жектің болмауына дайындық барысында алған мойын жарақаты себеп болған. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желілерде өзі мәлімдеді.
Муздиманның айтуынша, команда үлкен жұмыс атқарып, толыққанды дайындық жүргізгенімен, денсаулықтағы мәселелер қиын шешім қабылдап, жекпе-жекті белгісіз мерзімге шегеруге мәжбүр етті.
Боксшы қыз қазіргі таңда басты мақсат – сауығып, денсаулығына қауіп төндірмей, толыққанды жаттығуларға қайта оралу екенін атап өтті. Сондай-ақ, жанкүйерлеріне қолдауы, жылы лебіздері мен сенімі үшін алғыс білдіріп, бұл оған ерекше мотивация беретінін жеткізді.
Муздиман жаңа жылдан кейін белсенді жаттығуға қайта оралып, физикалық әрі моральдық тұрғыда бұрынғыдан да мықты болуды жоспарлап отырғанын айтты.
Айта кетейік, Балауса Муздиманның келесі жекпе-жегі 27 желтоқсанда Алматыда өтуі тиіс болған, алайда оның қарсыласының есімі ресми түрде жарияланбаған еді.
Сондай-ақ Қытай ұлттық ойындарында этникалық қазақ триумфқа жетті.