locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қытай ұлттық ойындарында этникалық қазақ триумфқа жетті

Данабиеке Байкевузи Шэньчжэньдегі беделді жарыста үздік атанды
ФОТО: Getty Images

Қытайлық этникалық қазақ Данабиеке Байкевузи (Данабек Байғазы) Шэньчжэньде өткен Қытай ұлттық ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Азия бокс конфедерациясының сайты.

Синьцзян өңірінің былғары қолғап шебері аса ауыр салмақ (92 килограмнан жоғары) дәрежесінде чемпиондық тұғырға көтерілді.

2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Байкевузи финалдық кездесуде Ма Цзиньянды төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Байкевузиден бөлек, өз салмақ дәрежелерінде Чжан Цзямао (51 кг дейін), Лу Пин (57 кг дейін), Чжу Цзяньхао (63,5 кг дейін), Йердавулиэти Майиланбикэ (71 кг дейін), Ван Сяобао (80 кг дейін) және Хань Сюэчжэнь (92 кг дейін) де алтын медаль иеленді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie