locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Усик Фьюри мен Джошуаның жекпе-жегіне пікір білдірді

Украиналық әлем чемпионы британдық қос жұлдыздың айқасын көруге қарсы емес екенін айтты
Усик Фьюри мен Джошуаның жекпе-жегіне пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша абсолютті әлем чемпионы Александр Усик Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа арасындағы мүмкін жекпе-жек туралы пікірін бөлісті. Ол бұл туралы Карл Фрочтың YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Тайсон әлі мансабын аяқтаған жоқ. Мұндай жекпе-жекті мен де көргім келеді, себебі Энтони де, Тайсон да – Британияда ғана емес, бүкіл әлемде жұлдыз. Меніңше, Тайсон әлі спорттан кеткен жоқ. Тайсон… Бұл бір есі кеткен көке ғой… Кім жеңеді? Білмеймін… 50/50», – деді Усик.

Айта кетейік, Усик бұрын Джошуамен де, Фьюримен де екі мәрте кездесіп, екі жекпе-жектің бәрінде төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Усик – Дюбуа: абсолют чемпион атағын сарапқа салатын реванш жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie