locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Усик – Дюбуа: абсолют чемпион атағын сарапқа салатын реванш жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

Усик – Дюбуа жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Усик – Дюбуа 2: абсолют чемпион атағын сарапқа салатын реванш жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
ФОТО: Getty images

2025 жылдың 19 шілдесінде Лондонда орналасқан аты аңызға айналған «Уэмбли» стадионы тағы бір тарихи бокс кешінің куәсі болмақ. Бұл күні абсолютті әлем чемпионы Александр Усик (23–0, 14 KO) пен британдық Даниэль Дюбуа (22–2, 21 KO) арасындағы көптен күткен реванш өтеді. Жекпе-жек жазғы маусымдағы ең маңызды оқиғалардың бірі ретінде бағаланып отыр. Кешті трибунада 90 мыңнан астам жанкүйер тамашалайды деп күтілуде.

Қос алып алғаш рет 2023 жылдың тамызында Польшада қолғап түйістірген болатын. Ол кезде украиналық боксшы тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Алайда, сол кездесуде тіркелген белден төмен соққы спорт әлемінде біраз дау тудырды. Дюбуа командасы нәтижені қайта қарауға тырысқанымен, шешім өзгермеді. Соған қарамастан, олар екі жылдан кейінгі реваншты қамтамасыз ете алды.

  • Жекпе-жектің барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Бұл жолы да Усиктің иелігіндегі WBA Super, IBF, WBO және WBC нұсқалары бойынша барлық чемпиондық белбеулер сынға түседі.

Александр Усик пен Даниэль Дюбуа арасындағы жекпе-жекті DAZN стримингтік платформасынан тамашалауға болады. Андеркарт Астана уақытымен 21:30-да басталса, басты жекпе-жек шамамен 01:30-да өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie