locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Уэмблидегі» реванш: Бентли Әлімханұлына тағы да қарсылас атануға ниетті

«Уэмблидегі» реванш: Бентли Әлімханұлына тағы да қарсылас атануға ниетті
ФОТО: Getty images

Орта салмақта WBO рейтингінің көшбасшысы британдық боксшы Дензел Бентли қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен осы жазда Ұлыбританияда реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді. Ол 19 шілдеде Лондонда өтетін Александр Усик пен Даниэль Дюбуа арасындағы реванш аясында «Уэмбли» стадионында өтетін ірі бокс кешінде кездесуді ұсынды.

«Барлығы WBO шешіміне байланысты: олар мені міндетті үміткер ретінде бекітеді немесе Queensberry Promotions Жәнібекпен келіссөздерді бастайды. Ол толыққанды дайындық лагерінен өтуді қалайды, өйткені ол - біріктірілген әлем чемпионы. Сондықтан шілдеге дейін уақыт аз қалды», — деді Бентли.

Бентли сондай-ақ, Әлімханұлының шетелде жекпе-жек өткізуге дайын екенін бірнеше рет айтқанын еске салды.

«Ол өз елінде өзін көрсетті, енді Англияда жұдырықтасатын уақыт келді. Егер бұл жекпе-жек үлкен аренада өтсе, ол келіседі», - деді британдық боксшы.

Әлімханұлы мен Бентли арасындағы алғашқы жекпе-жек 2022 жылдың қараша айында Лас-Вегаста өткен болатын. Сол кезде қазақстандық боксшы төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен айқын жеңіске жетіп, орта салмақтағы WBO белдігін сәтті қорғады. Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Сәуір айында ол француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңіп, титулдарын сәтті қорғады. Сонымен қатар, WBC чемпионы Карлос Адамеспен мүмкін болатын біріктіру жекпе-жегі туралы келіссөздер жалғасуда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie