Төрехан Сабырхан: Қазақтың кім екенін бүкіл әлемге дәлелдейтін боламыз
Бүгін, 2-сәуір Астанадағы Хан-Шатыр ойын сауық орталығында боксшылар 5-сәуір күні өтетін бокс кеші алдында ашық жаттығу өткізуде.
Ашық жаттығуға алғаш рет кәсіпқой бокста бақ сынайтын Төрехан Сабырхан да қатысты. Жаттығудан кейін ол Qazsport телеарнасының тілшісінің сұрағына жауап берді.
– Әуесқой бокс кәсіпқой боксқа мүлдем ұқсамайды. Алдағы жекпе-жекке дайынсың ба?
– Баршаңызға қолдап келгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Иа, бұл кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегім. Жеке бапкерім және Махмұд ағаммен бұл жекпе-жекке жақсы дайындалдық. Бізге жанкүйер болыңыздар. Қазақтың кім екенін бүкіл әлемге дәлелдейтін боламыз, деді Төрехан Сабырхан.
5 сәуір күні «Барыс Аренада» өтетін Battle of the Brave турнирі отандық жанкүйерлер үшін жылдың басты спорт оқиғаларының біріне айналмақ. Кештің басты жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы француздық жеңілмеген қарсыласы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 KO) жұдырықтасады.