Жәнібек Әлімханұлының кешіндегі кард. Сабырханның дебюті және Қазақстанның үздік боксшылары


Астанадағы «Барыс Аренада» 5 сәуір күні Қазақстан мен әлемнің үздік боксшылары жиналатын ауқымды бокс кеші өтеді. “Battle of the Brave” турнирі отандық жанкүйерлер үшін жылдың басты спорт оқиғаларының біріне айналмақ.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпиондық белбеулері сарапқа салынады. Бұл титулдарды біріктіру үшін Жанибек Әлімханұлы француздық жеңілмеген қарсыласы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 KO) жұдырықтасады.
Кештің екінші басты жекпе-жегінде қазақстандық Зәуірбек бұрынғы әлем чемпионы атағына үміткер болған оңтүстікафрикалық Азинга Фузилемен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек IBF тұжырымы бойынша құрлықаралық белбеуге жоспарланған.
Кештің басты ерекшеліктерінің бірі- Төрехан Сабырханның кәсіпқой рингтегі дебюті. Азияның төрт дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионы, “Странджа кубогының” жеңімпазы Иржи Хауке (Чехия) қарсылас атанады.
Кеш бағдарламасы:
Басты жекпе-жек:
Жанибек Әлімханұлы (Қазақстан) – Анауэль Нгамиссенге (Франция)
Орта салмақтағы WBO және IBF белбеулері үшін жекпе-жек
Екінші басты жекпе-жек:
Сұлтан Зәуірбек (Қазақстан) – Азинга Фузиле (ОАР)
IBF құрлықаралық титулы үшін жекпе-жек
Қалған жекпе-жектер:
• Жалолов – Шевадзутский
• Жұқамбаев– Гарднер
• Махмут Сабырхан – Тордесилья
• Мұздыман – Пинили
• Хломатов – Манигос
• Төрехан Сабырхан – Йиржи Хауке
• Әлімбай – Даский
• Әбдуәлім– Чаудхари
Тікелей эфир уақыты: 20:00 (Астана уақытымен). Көрсетілім: Qazsport арнасында.

Теннис
Кеше 23:15


Басқа спорт түрлері
Кеше 16:29