locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Томирис Мырзақұл 1/4 финалға шыға алмады

Мырзақұл Бангкокте (Тайланд) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында 1/8 финалда жеңіліс тапты
Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Томирис Мырзақұл 1/4 финалға шыға алмады
ФОТО: ҰОК РҚ

Томирис Мырзақұл Азия чемпионатында жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткізілген жарыста 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Оңтүстік Кореяның өкілі Ким Рен Енмен кездесті.

Боксшы қызымыз барлық күш-жігерін салып, алайда төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыластарына жеңіліп қалды.

Айта кету керек, 2024 жылдың мамыр айында Томирис Мырзақұл Шри-Ланкада өткен IBA ұйымдастырған осындай турнирге қатысып, 52 келі салмақта күміс медальді иеленді.

Бангкокте өтіп жатқан World Boxing-тің бірінші Азия чемпионаты 11 тамызға дейін жалғасады.

Сондай-ақ Бексұлтан Қайратұлы Азия чемпионатында өзбекстандық боксшыға есе жіберді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie