locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Танымал блогер әрі боксшы чемпиондық белбеу үшін айқасуды көздеп отыр

Джейк Пол Рамирес және Баду Джекпен жекпе-жек туралы келіссөз жүргізуде
Танымал блогер әрі боксшы чемпиондық белбеу үшін айқасуды көздеп отыр
ФОТО: Getty Images

АҚШ-тық блогер әрі кәсіпқой боксшы Джейк Пол 28 маусым күні Анахайм қаласында (АҚШ) бұрынғы әлем чемпионы Хулио Сезар Чавес-младшийге қарсы шаршы алаңға шығады.

The Sun басылымына берген сұхбатында Пол титул үшін айқасқысы келетінін мәлімдеді.

«Бұл салмақта Рамирес пен Джей Опетая көш бастап тұр деп есептеймін. Ал екінші орынға Баду Джекті қояр едім. Олардың бәрі – қауіпті қарсыластар. Қазір біз Рамирес және Джекпен келесі жылға жоспарланған жекпе-жек туралы келіссөз жүргізіп жатырмыз», – деді ол.

Еске сала кетейік, Джейк Пол өзінің соңғы кездесуінде аты аңызға айналған, бірақ жасы ұлғайған Майк Тайсонды ұпай санымен жеңген болатын.

Артур Бетербиев Усикпен жекпе-жек туралы: Ол мен үшін тым мықты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie