Артур Бетербиев Усикпен жекпе-жек туралы: Ол мен үшін тым мықты
Бокс
14 мау 2025
17:44

Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) аса ауыр салмақтағы WBC, WBA, WBO, IBO және The Ring тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усикпен (23-0, 14 КО) жекпе-жек өткізуден бас тартты.
«Таза спорттық тұрғыдан алғанда, мен, әрине, бұл жекпе-жекке қызығушылық танытар едім, өйткені біз Олимпиада мен әлем чемпионатында әуесқой деңгейде бокстадық.
Бірақ ол мен үшін тым күшті, білесіз бе. Қайтып келсе де тым мықты, тым жақсы», – деді 40 жастағы ресейлік.
Бетербиевтің келесі қарсыласы тағы да Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) болуы мүмкін - трилогияның үшінші жекпе-жегі Ресейде 2025 жылдың қараша немесе желтоқсан айларында өтуі мүмкін.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек