locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тағы бір жеңіс! Қазақстандық Дәулет Төлемісов Eindhoven Box Сup жеңімпазы атанды

Бокс
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Тағы бір жеңіс! Қазақстандық Дәулет Төлемісов Eindhoven Box Сup жеңімпазы атанды
ФОТО: World Boxing

Дәулет Төлемісов Нидерландта өтіп жатқан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде қазақстандық төртінші алтын жүлдегер атанды.

85 келі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекте Дәулет украиналық былғары қолғап шебері Микола Лактионовпен кездесті. Екінші раундта қазақстандықтың қарсыласына нокдаун есептелді. Ал текетірестің нәтижесі төрешілердің бірауыздан шешімімен Төлемісовтің жеңісі болды.

Финалға дейін қазақстандық бір ғана жекпе-жек өткізді. Ол Бельгия өкілі Идрис Леганасқа қарсы шығып, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңді.

Финалда Қазақстан мен Украина боксшылары арасында тағы бір текетірес орын алды – 80 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Жақпеков Артур Касиановты жеңді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie