locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ерасыл Жақпеков Нидерландта өткен беделді турнирдің чемпионы атанды

Бокс
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Ерасыл Жақпеков Нидерландта өткен беделді турнирдің чемпионы атанды
ФОТО: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде Қазақстанға үшінші алтынды әкелді.

Турнирдің финалында 80 келіге дейінгі салмақта Ерасыл украиналық Артур Касиановты жеңді. Жекпе-жек бүкіл қашықтыққа созылып, төрешілер бірауыздан Жақпековті жеңімпаз деп таныды.

Бұған дейін қазақстандық екі жекпе-жекте де төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын. Қарсыластар бельгиялық Симба Энди мен даниялық Силас Иде болды.

Бұған дейін қазақстандық тағы екі боксшы – Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) мен Даниял Сәбит (50 келіге дейін) турнир жеңімпазы атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie