locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сәкен Бибосынов 1/4 финалда жеңіліп, Азия чемпионатындағы жорығын аяқтады

Сәкен Бибосынов 1/4 финалда жеңіліп, Азия чемпионатындағы жорығын аяқтады
ФОТО: KBF

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыс жолын ширек финалда аяқтады.

51 кг салмақ дәрежесінде өткен алғашқы жекпе-жекте Бибосынов өзбек боксшысы Асилбек Жалиловпен кездесті. Тартысты бәсекенің нәтижесінде төрешілердің шешімімен жеңіс Жалиловқа бұйырды. Айта кетейік, Асилбек Жалилов – Өзбекстанның төрт дүркін чемпионы, Азия чемпионатының алтын және күміс жүлдегері.

Сәкен Бибосынов – әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері ретінде танымал.

Еске салсақ, бұған дейін 48 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық Санжар Тәшкенбай тәжікстандық Мехрон Шафиевті жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.

Санжар Тәшкенбай Азия Чемпионатының жартылай финалына шықты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie