locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Санжар Тәшкенбай Азия Чемпионатының жартылай финалына шықты

Санжар Тәшкенбай Азия Чемпионатының жартылай финалына шықты
ФОТО: KBF

Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Санжар Тәшкенбай Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

2023 жылдың 6 желтоқсанында Санжар Тәшкенбай ширек финалдық кездесуін өткізіп, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тәжікстан өкілі Мехрон Шафиевпен жұдырықтасты. Шаршы алаңдағы тартысты бәсекеде Санжар төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Кездесудің екінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберіп, өз басымдығын дәлелдеді.

Санжар Тәшкенбай бұған дейін 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында және 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді.

Айта кетейік, бүгін Азия чемпионатының ширек финалдық бәсекелері жалғасады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie