Шри-Ланкада өтетін Азия чемпионатына қатысатын жастар құрамасы жарияланды
Қазақстанның бокс федерациясы 12–23 мамыр аралығында Коломбо қаласында (Шри-Ланка) өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын ерлер және әйелдер құрамаларының тізімін жариялады. Байрақты додада 18 жасқа дейінгі және 22 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынайды.
U18 (ерлер):
Нұрхан Кумарбеков (48 кг), Досымжан Танатар (51 кг), Алдияр Бахадур (54 кг), Нығман Нығмет (57 кг), Адилет Тортубек (60 кг), Мұхит Нұркабылұлы (63,5 кг), Сұлтан Турдалы (67 кг), Бекарыс Нұрмұхан (71 кг), Жасулан Бердалы (75 кг), Игорь Соловьев (80 кг), Нұрсұлтан Қыстаубай (86 кг), Расул Асанханов (92 кг), Бексұлтан Қайратұлы (92+ кг).
U22 (ерлер):
Тілеуберді Сүлеймені (48 кг), Диас Берікбай (51 кг), Кенже Мұратұлы (54 кг), Жасұрбек Анарбаев (57 кг), Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Серәлі Жолмағамбетов (63,5 кг), Бақтияр Анарбаев (67 кг), Ағажан Қадыр (71 кг), Аман Қонысбеков (75 кг), Бақберген Алиасқаров (80 кг), Ибрагим Бетаев (86 кг), Азатбек Жолдасхан (92 кг), Ерсұлтан Сапар (92+ кг).
U18 (қыздар):
Айым Танкибаева (48 кг), Сила Биболсынқызы (50 кг), Рахмина Абдумежитова (52 кг), Жанель Имантаева (54 кг), Ақнұр Тұрсынғали (57 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Алина Құдайгенова (63 кг), Ақбота Есімбекова (66 кг), Мария Сидоренко (70 кг), Зарина Толыбай (75 кг), Құралай Егінбайқызы (81 кг), Сабина Жақсылық (81+ кг).
U22 (қыздар):
Ақбота Болат (48 кг), Гүлнар Тұрапбай (50 кг), Томирис Мырзақұл (52 кг), Элина Базарова (54 кг), Виктория Байдукова (57 кг), Анар Тұрсынбек (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Ұлдана Таубай (66 кг), Бақыт Сейдіш (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Жібек Жарасқызы (81 кг), Әсел Тоқтасын (81+ кг).
2 мамыр күні Иордания астанасы Амманда 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 44 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте айқын басымдықпен топ жарды.