Азия чемпионы – Қазақстан: World Boxing турниріндегі тарихи жеңіс
Иордания астанасы Амманда 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Бұл жарыс жаңа халықаралық ұйым – World Boxing аясында өткен алғашқы құрлықтық турнир ретінде тарихта қалды. Байрақты бәсекеде 18 елден келген спортшылар бақ сынады, ал медальдар үшін күрес тартысты өтті.
Жарыстың басты жеңімпазы - Қазақстан құрамасы болды. Қазақ боксшылары жалпы 44 медаль жеңіп алды, оның ішінде 16 алтын, 15 күміс және 13 қола жүлде бар. Екінші орынға Өзбекстан құрамасы жайғасып, 42 медаль (15 алтын, 15 күміс, 12 қола) иеленді. Ал үздік үштікті Үндістан аяқтады — бұл елдің қоржынында 43 медаль (15 алтын, 6 күміс, 22 қола).
Бес үздік құраманың қатарына сонымен қатар Украина (5 алтын, 7 күміс, 24 қола) мен Иран (1 алтын, 5 күміс, 5 қола) енді.
Бұл турнир жас боксшылар үшін маңызды дода болып қана қоймай, Қазақстанның спорттағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.