locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Медальға кепілдік берді
Бокс
Санжар Ақатаев
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: OLYMPIC.KZ

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында сенімді жеңіске қол жеткізді.

Оның қарсыласы украиналық спортшы Анна Охота болды, алайда Назым жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап басымдық танытты. Қазылар шешімі бірауыздан жеңісті Қызайбайға берді.

Осылайша, Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды.

Бұл жеңіс Назым Қызайбайға кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті, ал жүлделі орындар үшін талас осы демалыс күндері басталады.

Боксшыларымыздың жекпе-жек кестесімен осында таныса аласыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie