Санжар Ташкенбай Астанада өтетін әлем кубогы алдында жанкүйерлерге үндеу жасады
Әлем және Азия чемпионы турнир алдында ел тұрғындарынан қолдау сұрады
ФОТО: Olympic.kz
Қазақ боксшысы Санжар Ташкенбай 30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада өтетін бокстан әлем кубогының алдында халыққа үндеу жолдады.
«Ассалаумағалейкүм қазақ елі! Астанада өтетін Әлем кубогының басталуына санаулы күндер қалды. Көп еңбек, тынымсыз дайындық — бәрі осы сәт үшін.
Қолдауларыңызды күтеміз. Бізге жанкүйер болыңыздар», — деп жазды спортшы Instagram парақшасында.
Санжар Ташкенбай — 2023 жылғы Әлем чемпионы (Ташкент, Өзбекстан) және 2022 жылғы Азия чемпионы (Амман, Иордания).
Астанадағы турнирге 33 елдің боксшылары қатысады деп күтілуде. Бұл — жылдағы ең ірі жарыстардың бірі болмақ.
Өзбекстан Астанадағы бокстан Әлем кубогына қатысады, бірақ күтпеген құраммен.