locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Өзбекстан Астанадағы бокстан Әлем кубогына қатысады, бірақ күтпеген құраммен

Турнирге тек әйелдер құрамасы қатысады
Өзбекстан Астанадағы бокстан Әлем кубогына қатысады, бірақ күтпеген құраммен
ФОТО: Getty Images

Өзбекстан құрамасы 30 маусымда Астанада басталатын бокстан Әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысатынын ресми түрде растады, деп хабарлайды өзбек басылымдары.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Өзбекстан турнирге келмейтінін айтқан болатын. Осы мәлімдемеден кейін әлеуметтік желіде «қатыса ма, қатыспай ма» деген талқылаулар басталды. Алайда өзбек тарабы бұл сұраққа нүкте қойды – Астанаға тек әйелдер құрамасы келеді.

Турнирге бірде-бір ер боксшы тіркелмеген. Демек, өзбек ерлер құрамасы бұл кезеңге қатыспайды.

Еске салайық, бұған дейін өткен екі кезеңде Өзбекстан жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті. Қазақстан бірінші кезеңге ұлттық құраманың қосалқы құрамын (үшінші-төртінші нөмірлер) шығарғанымен, екі алтын медаль жеңіп алған. Ал екінші кезеңде, Варшавада ел намысын бір ғана боксшы қыз қорғаған.

Финляндия құрамасының бас бапкері: Біз әлі күнге дейін қазақстандық бокс мектебінің әдісін қолданамыз.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie