Руслан Мадиевтің жаңа қарсыласы кім екені белгілі болды
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (16-2, 6 КО) 1 ақпан күні Бангкокта WBA Asia нұсқасы бойынша чемпиондық атағын алғаш рет қорғайды.
Чемпиондық жекпе-жекті Қазақстанның Irfin Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатыр. WBA Asia бокс қауымдастығы оларға Руслан Мадиевтің танзаниялық Фикир Салум Мұхаммедпен (12-1-1, 11 КО) жұдырықтасуына рұқсат берген еді.
Алайда танзаниялық боксшы белгілі бір себептерге байланысты жекпе-жекке шыға алмайтыны кейіннен мәлім болған еді.
Жаңа қарсыласы – Филиппин чемпионы. Русланға қарсы филиппиндік Али Канега (11-1-1, 7 КО) жұдырықтасатын болды.
Али Канега Фикир Салум Мұхаммед секілді лайықты қарсылас. Өз салмақ дәрежесі бойынша еліндегі үздік боксшылардың бірі. 26 жастағы Канега кәсіпқойлар арасында Филиппин елінің чемпионы. Онымен жекпе-жекке келісім жасап үлгердік. Ол қол қойды. Ендігі іс – WBA Asia бокс қауымдастығына ресми өтініш беріп, чемпиондық жекпе-жек дәрежесі мен төрешілерін бекіту, - дейді Б. Төреханов.
Руслан Мадиевтің қарсыласы WBA атағы үшін жекпе-жектен шеттетілді.