locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Руслан Мадиевтің қарсыласы WBA атағы үшін жекпе-жектен шеттетілді

Бокс
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Руслан Мадиевтің қарсыласы WBA атағы үшін жекпе-жектен шеттетілді
ФОТО: ВИКИ

Белгілі қазақстандық боксшы, WBA Asia жартылай орта салмақтағы чемпионы Руслан Мадиев (16-2, 6 KO) өзінің кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегін Бангкокта (Таиланд) өткізеді, деп хабарлайды Sportnews.

Қазақстандық Irfin Promotions компаниясы мен олардың Таиландтағы серіктесі TL Boxing Promotion қолдауымен бокс кеші 1 ақпанда өтеді. Бастапқыда Мадиевтің қарсыласы 26 жастағы танзаниялық Фикири Салум Мохамед (12-1-1, 11 KO) болуы керек еді, ол біз үшін түсініксіз себептермен жекпе-жектен шеттетілді. Оның орнына филиппиндік боксшы келуі мүмкін. Алдағы күндері ресми ақпаратты Irfin Promotions баспасөз қызметі ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, Мадиев мансабын Калифорнияда (АҚШ) Геннадий Головкин командасында бастаған, содан кейін Golden Boy Promotions компаниясымен келісімшартқа отырған. Қазіргі уақытта қазақстандықтың мүдделерін биылғы жылы Алматы мен Шымкентте екі бокс кешін өткізген irfin Promotions промоутерлік компаниясы ұсынады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie