Ресейдегі халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды
Бокс
Наурызбай Қанатұлы
Фото: olimpic.kz
14-20 сәуір аралығында Ресейді Хабаровскі қаласында Константин Коротковты еске алуға арналған XVI халықаралық турнир өтеді.
Аталған турнирге Қазақстан құрамасынан 19 боксшы бақ сынайды.
Ерлер:
- 48 кг. Теміртас Жүсіпов
- 51 кг. Бекзат Алдабергенов
- 54 кг. Сәкен Бибосынов
- 57 кг. Дәулет Молдашев
- 60 кг. Бейбарыс Жексен
- 63,5 кг. Жандос Қыдыралиев
- 67 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
- 71 кг. Фарух Тоқтасынов
- 86 кг. Темірлан Мұқатаев
- 92 кг. Сағындық Тоғамбай
- 92+ кг. Нұрлан Сапарбай.
Әйелдер:
- 50 кг. Гүлнар Тұрапбай
- 54 кг. Әнел Сақыш
- 57 кг. Айдана Забынбекова
- 60 кг. Римма Волосенко, Әсем Таңатар
- 66 кг. Ұлдана Таубай, Аружан Жаңабаева
- 75 кг. Анастасия Баязитова, Шұғыла Нәлібай.
Халықаралық турнирге Ресей, Моңғолия, Тунис, Ирак, Тәжікстан, Өзбекстан, Сенегал, Конго, Куба, Қытай, Солтүстік Корея, Қырғызстан, Беларусь, Гүржістан, Оңтүстік Корея және Қазақстаннан 150 боксшы қатысады деп күтілуде.
Бокстан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Бакуде өтетін «Жібек жолы» турниріне қатысады