locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Бакуде өтетін «Жібек жолы» турниріне қатысады

Бокс
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Қазақстандық боксшылар Бакуде өтетін «Жібек жолы» турниріне қатысады
Фото: kfb.kz

10-16 сәуір аралығында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында бокстан халықаралық «Жібек жолы» турнирі өтеді.

Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер штабы аталмыш турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Дүбірлі додаға еліміздің атынан 14 боксшы сынға түседі.

  • 48 келі: Ақбота Болат, Гүлназ Бөрібаева, Роксана Гасымова
  • 50 келі: Элянур Тұрғанова
  • 52 келі: Томирис Мырзақұл, Анжа Сәдуақасова
  • 54 келі: Элина Базарова, Сымбат Әлиасқар
  • 57 келі: Шахназ Исаева, Виктория Байдукова
  • 70 келі: Бақыт Сейдіш, Азиза Исина
  • 81 келіден жоғары: Дина Исламбекова, Әсел Тоқтасын

Қазақстандық боксшылар 30 наурыздан бастап Әзірбайжанда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Төрехан Сабырхан қай салмақта бокстасқан тиімді екенін айтты

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie