Ресейдегі халықаралық турнир: Қазақстандық боксшылардың кестесі
Бокс
Наурызбай Қанатұлы
Фото: kfb.kz
Бүгін, 15 сәуір Ресейдің Хабаровск қаласында бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған XVI халықаралық турнирі басталды.
Аталған турнирге Қазақстан құрамасынан 19 боксшы бақ сынайды. Алғашқы жарыс күнінде үш қазақстандық боксшы рингке шығады.
Ерлерден екі, әйелдерден бір боксшымыз өнер көрсетеді:
Ерлер:
- 57 кг. Дәулет Молдашев — О Бом (Солтүстік Корея)
- 71 кг. Фарух Тоқтасынов – Дмитрий Захаров (Ресей)
Әйелдер:
- 54 кг. Әнел Сақыш – Енхжаргал Мунгунцецег (Моңғолия)
Жекпе-жектер Қазақстан уақыты бойынша сағат 11:30-да басталады. 16-шы рет ұйымдастырылып жатқан байрақты бәсеке 20 сәуірге дейін жалғасады.