locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Олимпиада күміс жүлдегері элитаға енді: Оралбай BoxRec нұсқасы бойынша үздіктер қатарында

Нұрбек Оралбай — әлемнің үздік әуесқой боксшылары ондығында
Олимпиада күміс жүлдегері элитаға енді: Оралбай BoxRec нұсқасы бойынша үздіктер қатарында
ФОТО: olympic.kz

Қазақстан боксы әлемдік аренада өз үнін асқақтатып келеді. BoxRec рейтингі бойынша Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі 2023 жылғы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай әлемнің ең үздік он әуесқой боксшысының қатарына енді.

Бұл тізімге АҚШ, Өзбекстан, Украина, Ресей, Куба мен Франция секілді бокс державасының өкілдері енген. Ал Қазақстан атынан жалғыз спортшы ретінде Нұрбек Оралбай аталып отыр. Ол құрметті 10-орынға жайғасты.

Оралбайдың бұл биікке көтерілуіне 2024 жылғы Олимпиададағы керемет өнері мен 92 келіге дейінгі салмақтағы күміс жүлдесі, сондай-ақ, бір жыл бұрынғы әлем чемпионатындағы алтын медалі себеп болды. Осы жетістіктері оның әлемдік әуесқой бокс элитасынан берік орын алуына жол ашты.

BoxRec нұсқасы бойынша үздік ондыққа Нұрбекпен бірге түрлі елдерден шыққан ринг шеберлері енген. Рейтингтің көшін Өзбекстан атынан өнер көрсететін аса ауыр салмақтағы Баходир Жалолов бастайды. Оның әуесқой бокстағы көрсеткіші - 109 жеңіс, 15 жеңіліс.

Сондай-ақ тізімде Өзбекстандық Абдумалик Халоков та бар. Ол - жартылай жеңіл салмақтағы мықтылардың бірі. Оның рекорды - 84 жеңіс, 10 жеңіліс. Ал Украина намысын Александр Хижняк қорғайды. Ол қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. Полутяж салмақта 126 жеңіс пен 17 жеңіліс көрсеткішімен ерекшеленеді.

Ауыр салмақта үздік ондыққа тағы бір өзбек боксшысы - Лазизбек Мулложонов енген (61–11). Ал супержеңіл салмақ санатында бірден бірнеше жұлдыз бар: Франция өкілі Софиан Умиа (130 жеңіс, 19 жеңіліс, 1 тең ойын), Ресейден Руслан Абдуллаев (48–6) және Кубадан Эрисланди Альварес (39–5).

Ресейлік тағы екі спортшы рейтингте орын алды - ауыр салмақтағы Муслим Гаджимагомедов (95–7) және жартылай жеңіл салмақ өкілі Эдуард Саввин (67–10). Осылайша, Нұрбек Оралбай әлемнің ең мықты әуесқой боксшыларымен бірге BoxRec нұсқасы бойынша үздіктер тізіміне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрбек Оралбай Астанада өтетін Бокстан Әлем кубогы кезеңіне Қазақстан құрамасының алдын ала тізіміне енгізілген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie