Астанада өтетін бокстан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала құрамы белгілі болды


Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов 30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада өтетін бокстан World Boxing Әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, жарысқа еліміздің атынан 10 былғары қолғап шебері қатысады. Қатысушылар салмақ дәрежесі бойынша төмендегідей ретпен ұсынылған:
1. Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары)
2. Сағындық Тоғамбай (90 кг-ға дейін)
3. Бекзад Нурдаулетов (85 кг-ға дейін)
4. Нұрбек Оралбай (80 кг-ға дейін)
5. Сабыржан Аққалұқов (75 кг-ға дейін)
6. Абылайхан Жүсіпов (70 кг-ға дейін)
7. Ертуған Зейноллинов (65 кг-ға дейін)
8. Серік Теміржанов (60 кг-ға дейін)
9. Махмуд Сабырхан (55 кг-ға дейін)
10. Санжар Тәшкенбай (50 кг-ға дейін)
Айта кетейік, аталған додаға дейін құрама мүшелері Таиланд пен Нидерландта өтетін халықаралық турнирлерге де қатысады. Бұл жарыстарда жас және тәжірибелі боксшылар қатар сынға түсіп, жаттықтырушылар штабы олардың қазіргі дайындығы мен спорттық бабын бағалайтын болады.
Қазақстан құрамасы биыл Бразилияда өткен Әлем кубогының алғашқы кезеңінде аса сәтті өнер көрсетіп, үш алтын мен үш қола медаль жеңіп алған еді. Барлық финалистер шешуші жекпе-жектерінде жеңіске жетіп, ұлттық құраманың жоғары деңгейде дайындалғанын дәлелдеді.

Футбол
Бүгін 11:12

Футбол
Бүгін 11:00