locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нурбек Оралбайдың өзбек боксшысына сенсациялық жеңілісінің себебі анықталды

Боксшымыздың әлсіз тұсы белгілі болды
Нурбек Оралбайдың өзбек боксшысына сенсациялық жеңілісінің себебі анықталды
ФОТО: OLYMPIC.KZ

Танымал молдова маманы, «Студия бокса» YouTube-арнасының авторы Виктор Ялымов эксклюзивті сұхбатында Sports24.kz порталына Ұлыбританияда өткен бокстан әлем чемпионатының ширек финалында 2023 жылғы әлем чемпионы әрі Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері қазақстандық Нурбек Оралбайдың (80 кг) өзбек боксшысы Джавахир Умматалиевке жол берген жекпе-жегінің нәтижесі туралы пікір білдірді.

«Меніңше, өзбекстандық боксшы бұл кездесуде жеңісті әділ алды. Ол дәлірек, жылдамырақ, қызықтырақ әрекет етті және қорғаныста жақсы жұмыс істеді. Тек бір түсініксіз жайт – екінші раундта төреші Умматалиевтен не үшін ұпай шегергені белгісіз қалды. Бірақ жалпы алғанда, ол әр раундта басымдық көрсетті. Ал Оралбайға келсек, оның әлсіз тұсы – жылдамдығы болды, бұл Олимпиада финалисінің деңгейіне сай келмейді. Шынымды айтсам, бұл қатты байқалды», – деді Виктор Ялымов.

Қазақстан әлем чемпионаты барысында жалпы 10 спортшысынан айырылды. Қазақстан құрамасынан әлем чемпионатының жартылай финалына Бейбарыс Жексен, Гүлсая Ержан, Карина Ибрагимова, Нурбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай, Сабыржан Аққалықов, Элина Базарова (54 келіге дейін) және Надежда Рябец (75 келіге дейін) шыға алмады.

Бұған дейін Ялымов Ертуған Зейнуллинов пен Асадхужойа Муйдинхужаев арасындағы жекпе-жекті талдаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie