Нұрбек Оралбай: Олимпиада чемпионы болғым келеді, Головкин секілді жетістікке жеткім келеді
Парижде өткен Олимпиада-2024 жарысының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында басты арманы мен алдағы жоспарлары туралы айтты.
«Менің ең үлкен арманым — Олимпиада чемпионы болу. Одан кейін кәсіпқой бокста үлкен жетістіктерге жетіп, Геннадий Головкин сияқты чемпиондық белбеулерді иеленгім келеді.
Алда бізді Астанада өтетін Әлем кубогы күтіп тұр. Алла қаласа, осы турнирде ел туын желбірету үшін бар күшімізді саламыз», — деді Қазақстан құрамасының көшбасшысы.
Айта кетейік, Оралбай 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының алтын медалін иеленген. Сондай-ақ, 2022 жылы Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алған.
Әлімханұлы - тым қауіпті ме? Америкалық сарапшылар Кроуфордтың орта салмақтағы жетістігіне күмәнданады.