Финалға жол: 12 қыркүйекте Ливерпуль рингіне алты қазақстандық шығады
12 қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионатында Қазақстаннан алты спортшы рингке көтеріледі.
Олардың төртеуі жартылай финалға жолдама алып үлгерсе, қалған екеуі әлі де ширек финалда бақ сынап, медальға жақындай түсуге талпынады.
Жекпе-жектер кестесі (Астана уақытымен):
16:00, Ринг A — әйелдер, 48 кг, ширек финал: Назым Қызайбай — Анна Охота (Украина)
17:15, Ринг A — ерлер, 50 кг, ширек финал: Санжар Тәшкенбай — Джадумани Сингх Манденгбам (Үндістан)
19:00, Ринг A — әйелдер, 60 кг, жартылай финал: Виктория Графеева — Ребека Де Лима Сантос (Бразилия)
22:30, Ринг A — әйелдер, 65 кг, жартылай финал: Аида Әбікеева — Грэини Мэри Уолш (Ирландия)
23:15, Ринг A — әйелдер, 80+ кг, жартылай финал: Елдана Тәліпова — Агата Качмарска (Польша)
01:15, Ринг A — ерлер, 90+ кг, жартылай финал: Айбек Оралбай — Хулио Сесар Ла Крус (Куба).
Бұған дейін Қазақстан құрамасынан 10 боксшы жарыс жолынан шығып қалған еді, дегенмен қалған спортшылар медаль үшін нақты мүмкіндік сақтап отыр.
Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл біріншілік — World Boxing ұйымы аясында ересектер арасында өткізілген алғашқы әлем чемпионаты болып саналады.
Сондай-ақ Нұрбек Оралбайдың өзбек боксшысына сенсациялық жеңілісінің себебі анықталды.