Милана Сафронова кәсіпқой боксқа ауысқанын жариялады
Әлем чемпионатының жүлдегері, қазақстандық боксшы Милана Сафронова әлеуметтік желілерде кәсіпқой боксқа ауысатынын мәлімдеді.
“Мен әрқашан өз елімнің туын әлемдік ареналарда көтеруді армандадым және бұл жолда кәсіпқой бокста да мақсаттарыма жетуге тырысамын. Жаңа жолым, жаңа мақсатым – Қазақстаннан шыққан тұңғыш абсолютті әлем чемпионы атану.
Алғашқы оқу-жаттығу жиынымды Таиландта үздік бапкерлермен өткіздім. Қазір Мәскеуге қайтып келіп, әуесқой бокста мені чемпион еткен алғашқы бапкерім Захар Семёнович Рутенбергпен дайындықты жалғастырудамын.
Ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанымды жариялаймын! Жақында алғашқы жекпе-жегімнің күнін хабарлаймын. Күшті командаммен бірге чемпион атанып, барлық белбеулерді өз елімізге алып келуге дайынмын. InshaAllah…”
33 жастағы спортшы 2019 жылы өткен Әлем чемпионаты мен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған. Ол 64 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қазіргі уақытта оның әуесқой бокстағы соңғы жарысы Таиландта өткен Азия чемпионаты болды.
Кларисса Шилдс әйелдер арасында ауыр салмақтағы алғашқы абсолютті әлем чемпионы атанды