Кларисса Шилдс әйелдер арасында ауыр салмақтағы алғашқы абсолютті әлем чемпионы атанды
ФОТО: Getty images
Америкалық боксшы Кларисса Шилдс ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.
Флинт (Мичиган, АҚШ) қаласында өткен кәсіби бокс кешінің басты жекпе-жегінде ол отандасы Даниэль Перкинсті сенімді жеңді. Кездесу толық он раундқа созылып, 100:89, 97:92, 99:90 есебімен қазылардың бірауызды шешімімен Шилдстің пайдасына аяқталды.
Бұл жеңіс оған WBC, IBF, WBA және WBO чемпиондық белбеулерін біріктіруге мүмкіндік берді. Осылайша, Шилдс ауыр салмақтағы алғашқы абсолютті әлем чемпионы атанды. Бұған дейін ол бірінші орта, орта және екінші орта салмақта да абсолютті чемпиондық титулдарды иеленген.
Қазіргі уақытта 29 жастағы боксшы кәсіпқой бокста 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Сондай-ақ, оның еншісінде Олимпиаданың екі алтын медалі бар.