"Мақсат – тарихқа ену". Әлімханұлы Головкиннің жетістігінен асып түскісі келетінін айтты


WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан өз клиентінің алдағы мақсаттары туралы айтты.
"Біздің мақсат – төрт чемпиондық белбеуді жеңіп алып, Қазақстан тарихына ену. Себебі Головкин үш белбеуге ие болды, ал Василий Жиров тек бір титулды иеленді. Сондықтан біз барлық төрт белбеуді жеңіп алып, Қазақстан тарихына өз атымызды жазғымыз келеді. Сонымен қатар, 168 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесіне көтеріліп, осы дивизиондағы чемпиондармен жекпе-жек өткізуге де дайынбыз. Біз қазір осыған әзірміз.
Біз өзімізбен жекпе-жекке шығуға қызығушылық танытқан кез келген боксшымен айқасуға дайынбыз. Канело? Ол Жәнібекпен жұдырықтаспайды. Менің айтқым келгені – біз өзімен жекпе-жек өткізгісі келетін чемпиондармен кездесуге дайынбыз. Кейін шешім қабылдаймыз: 160 фунтта қалып, екі белбеуді қорғау және қалғандарын жеңіп алу немесе салмақ дәрежесін жоғарылату", – деді Сұлтан Seconds Out YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін жеңілмеген француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен өткізеді. Кездесу 5 сәуірде Астанада өтеді.
Бұған дейін Жәнібек, егер Канеломен жекпе-жек өткізсе, оны оңай жеңетініне сенімді екенін айтқан еді.

Футбол
Бүгін 06:03
