locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлімханұлы Адамеске тағы да үн қатты: «Қорқақ қайда жүр? Көрсеңдер, келісімшартқа қол қойсын деп айтыңдар»

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қарсыласынан жекпе-жек талап етті
Әлімханұлы Адамеске тағы да үн қатты: «Қорқақ қайда жүр? Көрсеңдер, келісімшартқа қол қойсын деп айтыңдар»
ФОТО: Getty Images

Орта салмақта WBO мен IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы кезекті рет WBC чемпионы Карлос Адамеске үндеу жолдады. Қазақстандық боксшы қарсыласын жекпе-жектен жалтарып жүр деп айыптап, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Қорқақты біреу көрді ме? Көрсеңдер, келісімшартқа қол қоюын айтыңдар!» – деп жазды Әлімханұлы, қарсыласының атын атамаса да, кімге бағытталғаны анық байқалады.

Бұған дейін Адамес Әлімханұлымен біріктіруші жекпе-жек өткізгісі келетінін білдірген болатын. Алайда WBC ұйымы оны өзге қазақстандық боксшы – кәсіпқой рингте жеңілмеген Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 KO) міндетті жекпе-жекке міндеттеді.

Айта кетейік, 5 сәуір күні Астанада өткен жекпе-жекте Әлімханұлы француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеулерін сәтті қорғаған еді.

Міндетті үміткер атағы үшін жекпе-жек: WBO Жәнібектің қарсыластарын анықтады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie