locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әли АХМЕДОВ: \"Біз тоқтамаймыз, алда тек ауыр еңбек пен жаңа белестер бар\"

Әли АХМЕДОВ: "Біз тоқтамаймыз, алда тек ауыр еңбек пен жаңа белестер бар"
ФОТО: Getty images

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) америкалық Малкольм Джонсқа (17-5-1, 10 КО) қарсы айқын жеңісінен кейін өз әсерімен бөлісті.

“Жұмыс аяқталды, мақсатқа қарай тағы бір қадам жасалды. Бүгінгі жеңіс — тек титулға апарар жолдағы бір кезең. Біз тоқтамаймыз, алда тек ауыр еңбек пен жаңа белестер бар. Командама, бапкерлеріме және маған сенетін барша жанкүйерлерге алғыс айтамын”, — деп жазды Ахмедов өзінің Instagram парақшасында.

Калифорния штатының Коммерс қаласында өткен жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ ол уақытынан бұрын аяқталды. Екінші раундта Ахмедов техникалық нокаутпен сенімді жеңіске жетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie