locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ахмедов америкалықты екінші раундта нокаутқа түсірді

Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Ахмедов америкалықты екінші раундта нокаутқа түсірді
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-1, 16 КО) АҚШ-тың Калифорния штаты, Коммерс қаласында өткен бокстан шоуда тамаша өнер көрсетті.

Орта салмақта өткен жекпе-жекте Ахмедов америкалық Малколм Джонспен (17-5-1, 10 КО) кездесті. Он раундқа жоспарланған кездесуде, қазақстандық боксшы екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Әли Ахмедовтың кәсіби мансабындағы 23-ші жеңісі болды, ал оның қарсыласы бесінші рет жеңіліс тапты. Сонымен қатар, Ахмедов қатарынан жетінші жеңісіне жетті.

Айта кету керек, Әли Ахмедовтың кәсіби рингте тек бір ғана жеңілісі бар. Ол 2020 жылдың желтоқсанында эквадорлық боксшы Карлос Гонгораға (22-3, 17 КО) қарсы жекпе-жекте 12-раундта нокаутқа түскен болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie