locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлем чемпионының ұлы жол апатына ұшырады

Әлем чемпионының ұлы жол апатына ұшырады
ФОТО: РИА Новости Спорт

Әйгілі боксшы, әлем чемпионы Александр Бахтиннің ұлы — 19 жастағы Захар Бахтин Мәскеу маңындағы Балашиха қаласында ауыр жол апатына түсті, деп хабарлайды Mash.

Захар көлік тізгініне ие бола алмай, жиекке соғылып, сауда орталығының ғимаратына кіріп кеткен. Жол апаты кезінде көлікте 20 жастағы Софья есімді қызы жолаушы орнында отырған. Қатты соққыдан кейін бойжеткен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Александр Бахтиннің айтуынша, ұлы Захар да түрлі жарақатпен жансақтау бөлімінде жатыр. Оған қатысты ҚР ҚК 264-бабы бойынша («Жол қозғалысы ережелерін бұзу, адамның ауыр жарақат алуына себеп болу») қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Александр Бахтин – бокстан әлем чемпионы, Жапонияның тоғыз дүркін чемпионы және Азия чемпионы.

Екі дүркін әлем чемпионы тағы да назардан тыс қалды: Жәнібек Әлімханұлы ESPN рейтингінен үздік орын алмады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie