locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокста дебют жасайды

Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокста дебют жасайды
ФОТО: KBF

Қазақстан боксының жарық жұлдызы, әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. BoxRec порталының мәліметінше, бұл кездесу 27 шілде күні Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін бокс кешінің аясында ұйымдастырылады.

27 жастағы отандасымыздың алғашқы қарсыласы - Филиппин елінің өкілі Кристиан Легане (6 жеңіс, 1 жеңіліс, 3 тең, 4 нокаут). Бибосынов әуесқой бокста зор жетістіктерге жеткен: 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола медаль иегері. Сондай-ақ, Азия чемпионаттарында бір күміс (2022) және бір қола (2021) медаль жеңіп алған.

Сол бокс кешінде Өзбекстанның даңқты былғары қолғап шебері, екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов та өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокста алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның қарсыласы — тағы бір филиппиндік боксшы Ричард Ласпона.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie