Ұлдана Таубай – жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы финалист
ФОТО: KBF
Шри-Ланка астанасы Коломбода өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының алғашқы финалисі анықталды.
Ұлдана Таубай жартылай финалда вьетнамдық Ти Транмен жұдырықтасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Елдос Сайдалиннің шәкірті қарсыласын екінші раундта-ақ соққының астына алып, төрешілер жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатуға шешім қабылдады.
Ұлдананың финалдағы қарсыласы үндістандық боксшы (бейтарап мәртебемен қатысып жатыр) мен Шри-Ланка өкілі арасындағы жекпе-жектен кейін белгілі болады.