locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Күтпеген сенсация. Нұрбек Мұрсал басты фаворитті турнирден ұшырып, финалға жолдама алды

Нұрбек Мұрсал жарқын сенсациядан кейін Әлем кубогының финалына жолдама алды
Бокс
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Күтпеген сенсация. Нұрбек Мұрсал басты фаворитті турнирден ұшырып, финалға жолдама алды
ФОТО: KBF

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Нью-Делиде өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының финалдық кезеңінде керемет өнер көрсетуді жалғастыруда. 70 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол турнирдің ең ірі сенсацияларының бірін жасады: 2021 жылғы әлем чемпионы, украиналық Юрий Захареевті жеңді. Жекпе-жек бойында белсенділік пен дәлдікте Нұрбек айқын басым болды. Ол атақты қарсыласына өз ырғағын таңуға еш мүмкіндік берген жоқ.

Осы жеңістің арқасында Нұрбек Мұрсал өзінің мансабында алғаш рет осындай деңгейдегі әлемдік турнирдің финалына өтті. Шешуші айқаста оны Үндістан боксшысы Хитеш күтіп тұр.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирдің финалына Сұлтанбек Айбарұлы да жолдама алып, жарыстың ең жарқын кездесулерінің бірін өткізген еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie