Чемпиондық деңгейдегі үстемдік. Қазақстандық боксшы жартылай финалда қарсыласын аямады
Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы Нью-Делиде өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогында сенімді түрде финалға шықты. 85 келі салмақ дәрежесінде ол турнирдегі ең мықты жекпе-жектердің бірін өткізіп, өз үстемдігін айқын көрсетті.
Жартылай финалда Сұлтанбек Оңтүстік Корея боксшысы Ким Дэ Хунмен кездесіп, алғашқы секундтардан-ақ қарсыласына шабуыл қарқынын күштеп таңды. Айбарұлы жекпе-жек барысында кореялық спортшыны екі рет «нокдаунға» жіберді - алдымен бірінші раундтың басында, кейін үшінші раундтың соңына қарай. Қазылар алқасы жеңісті бірауыздан Қазақстан өкіліне берді.
Енді Сұлтанбек финалда Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдошевпен кездеседі.
Айта кетейік, Әлем кубогында Қазақстан құрамасы өз сөзін ертерек-ақ айтты: бұған дейін Нью-Делиде 80 келі салмақта Санжаралы Бегәлиев жартылай финалға дейін жетіп, қола медаль иеленген болатын.