locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

ФОТО. Лукас Мәскеуде Орийомиді мерзімінен бұрын жеңді

Бокс 31 қаң 2025 13:19
Богдан Писаренко
Богдан Писаренко
ФОТО. Лукас Мәскеуде Орийомиді мерзімінен бұрын жеңді
ФОТО: YouTube

31 қаңтар, жұма күні қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) Мәскеуде өткен кәсіпқой бокс кеші “IBA чемпиондар түні” турниріне қатысты.

Лукастың қарсыласы Нигерия өкілі Айисат Орийоми болды. Ол бұған дейін 9 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен (6-ы нокаутпен).

  • Жекпе-жектің барлық ең жарқын сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Кездесу небәрі үш раундқа созылды. Төртінші раунд басталар алдында Орийоми мен оның жаттықтырушысы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде, рингтегі төреші Ангелина Лукасқа техникалық нокаутпен жеңіс берілгенін жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Орийомимен жекпе-жектен кейін Лукас Түркияда тағы екі кездесу өткізетіні хабарланған еді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie