locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Керемет нәтиже: Қазақстан Түркістандағы халықаралық бокс турнирінде үстемдік құрды

Керемет нәтиже: Қазақстан Түркістандағы халықаралық бокс турнирінде үстемдік құрды
ФОТО: Getty Images

Түркістандағы Olympic Center спорт кешенінде КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Абдысалан Нұрмахановтың құрметіне арналған XXXI халықаралық бокс турнирі өз мәресіне жетті.

Турнирде 13 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Қазақстандық спортшылар тамаша өнер көрсетіп, 12 алтын медальді жеңіп алды. Турнир жеңімпаздары атанғандар: Нұрғыса Тұрабеков (48 кг), Дарын Құлжабаев (51 кг), Самат Жетібаев (57 кг), Нұрболат Бекбауов (60 кг), Архат Тұрғынбек (63,5 кг), Әбдіғалым Әбдікерім (67 кг), Ахмет Үсен (71 кг), Нариман Асқарұлы (75 кг), Азамат Бектас (80 кг), Бекболат Әбдікерім (86 кг), Нұрмағанбет Юсупов (92 кг) және Даниял Сапарбай (92+ кг).

Тек 54 келі салмақ дәрежесінде Қырғызстан өкілі Нұржігіт Дүйшебаев алтын медаль жеңіп алып, өзгелердің үстемдігін бұза алды.

Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен келген шамамен 100 спортшы қатысты.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie