locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Канело – Кроуфорд жекпе-жегін онлайн қайдан көруге болады

Лас-Вегаста «ғасыр жекпе-жегі» өтеді
Канело – Кроуфорд жекпе-жегін онлайн қайдан көруге болады
ФОТО: Getty images

14 қыркүйекте әлемнің бокс астанасы атанған Лас-Вегаста жылдың басты оқиғасы саналатын кәсіби бокс кеші өтеді. Шоу бағдарламасының орталық айқасы – мексикалық аңыз Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Теренс Кроуфорд арасындағы титулды тартыс. Жекпе-жектің бағасы – екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион атағы.

Қос қарсылас та – рингтің шынайы жұлдыздары. Барлық негізгі белбеулерге ие Канело өз тәжін қорғауға шығады. Ал әзірге жеңіліс көрмеген Кроуфорд жаңа салмаққа көтеріліп, соңғы жылдардың ең атақты боксшысына ашық айқасқа шақыру тастады.

  • Жекпе-жектің барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Жекпе-жек кешінің толық кардын мына сілтемеден көруге болады.

Айқас Астана уақытымен таңғы 6:00-де басталады. Ал басты шайқас – Альварес пен Кроуфорд арасындағы тартыс – сағат 9:00-ден ерте басталмайды.

Бұл ғаламат бокс кешін Netflix тікелей эфирде көрсетеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie